1. Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл


Название1. Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл
страница1/11
Дата публикации31.07.2013
Размер1.21 Mb.
ТипДокументы
userdocs.ru > Экономика > Документы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



1.Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл.

Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар бойынша баяндаңыз.

Біз үшін: Тәуелсіздік - Ту, Тәуелсіздік-ауа, жер-су, Тәуелсіздік-ел дәулеті. Қазақтың тәуелсіздігі қанды қыздырып, жанды қинардай күрделі қатпарлы түсінік. Тәуелсіздік қазақ тірлігінің жұлын-жотасы сынды сезіліп тұр. Арқаумен тұсаудан шыққалы небәрі он бес жыл. Ол күнтізбелік жыл тәуелсіздік туы көтеріп, рәсімделгенде дүниеге келген қазақ перзенті бүгін небәрі он бес жаста ғана. Он бес жасар ұлан мүлдем басқа дүние, өзгеше ғалам азаматы. Тәуелсіздіктің шын кейіп-кесірін, ерекшелігін сол он бес жасар қазаққа қарап білесің.
Он бес жыл ішінде қазақ азаматтары нені түсінді? Тәуелсіздік көктен түспейді екен... Соны білдік.
Тәуелсіздік хатпен келмейді екен... Соны аңғаруға болады.
Осы он бес жылда қазақ қазақ екендігін түйсінді. Қазақты қазақ таныды. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есемізді, еншімізді, несібемізді білдік. Осы он жылдың ішінде, заман ғаламат көрген ақсақалдарым он бес жылды тарихымыздың он бес ғасырына айырбастамайтынына кәміл сенем.
Қазақ санасындағы кіреуке жыртылды, аруана уызына тінтінген түйсікпен ұмтылған ботақандай ұлттық тінтінген сана көзін ашып, алмағайып, аласапыран дүниеге тұнық жанармен қарай бастады.
Қасиетіміз де, қасіретіміз де сол тұнықтығымыз, тазалығымыз, бейкүнә сәбилігіміз екен. Соны ұқтық. Он бес жыл ішінде. Ұтылсақ та, ұтсақ та өз таланымыз тағдырымыздан. Маңдайға бұйырған жұлдызымызды көрудеміз. Тарихтың жолы, дамудың күллі түйіні, сахара мен заман қисындарының тоғысы осы өмір ағынына әкелді. Қазақ перзенті атамекен қара жер құрсағын ...

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатының, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факт орлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.
Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықстарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде.
Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз

^ 4. Мемлекеттік тіл- Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор. (жүйелеп жеткізу, деректер келтіру).


Мемлекеттік тілді білу – заман талабы
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.

Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігі мен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.

Біз өзі намысшыл халықпыз. Біреу итің жаман десе де намыстанып қаламыз. Тіл білетін қазақ – намысшыл. Тіл білмейтін қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу керек. Қайта бауырға тарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертең Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіргелі отырмыз. Осы ретте бізге қазақ, орыс, ағылшын, тіпті қытай тілін де мықтап меңгеріп алу керек. Әлемдік бәсекеге түскелі жатырмыз. Домбыраны шерткендей, біздің мықты мамандарымызды да мемлекет ісіне шертіп-шертіп таңдап аларда олардың бірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет болғандықтан тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Тіл  мәселесінің өте нәзік екендігі, оның зорлықпен емес тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі.

Ал тілдің өзі - тарих тереңіне бойлатып, өнер мен мәдениеттің кәусар бұлағына сусындататын  рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейте түсу қажеттігі - заңды құбылыс.

«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының  әрбір азаматының парызы” деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» - делінген.

Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

Қорыта келгенде, мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлі саласына енгізіп, сапасын арттыру - уақыт талабы. Ал, уақыт талабын орындау – баршамыздың абыройлы парызымыз


^ 5.Білім де бәсекеге түседі. Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар бойынша баяндаңыз.

Білім де бӘсекеге түседі
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.

Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.

Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

Қазақстанның мұнайы, бәсекеге қабілетті, ғылымды дамыту, ұлттық кадрлар, ғылымды басқару, білімнің сапасы, шет елдік мамандар, жаңа технологияларды үйрету, мамандарды даярлау.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – Болашақ бағдарламасы. Шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияны үйрету.

Қазіргі заман талайына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін аскерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізделеді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:

  1. бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;

  2. магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;

  3. докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.

Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс- тәжірбиелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).

Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.

Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.


6.Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі (жүйелеп жеткізу, деректер келтіру).
Қазақстанның мұнайы мен газын ғана емес, білім мен ғылымын да дүниежүзіне танытатын уақыт жетті. Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етті. Ендігі мақсат – білім мен біліктілікті бәсекеде көрсете білу. Ол үшін мемлекет тарапынан 2012 жылға дейін ғылымды дамытуға салынатын инвестициялар мөлшерін 25 есе ұлғайтып, жылына 350 мл. теңгеге жеткізу, ғылымды басқару жаңа кезеңіне көшу, жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ҚР Ғылым және білім министрлігі арқылы қаржыландыру, ғылым жөнінде комитет құру, зертханалар ашу, шет елдік мамандармен байланыс жасау, білімнің сапасын арттыру, студенттер мен оқытушы-профессорларға грант тағайындау сияқты мәселелер бүгінде көкейкесті болып отыр.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.

Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.

“Қазақстанда ұлттық зияткерлік әлеуетінің дамуына қыруар қаржы құйылуда. Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға.

Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры былай дейді: “Қазақстан қазіргі Болон үрдісі кезінде осы заманға сай мамандарды дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен кірісті. Мәселен, Қазақстанның тоқыма саласындағы кейбір мамандары бүгіннің өзінде жоғары сұранысқа ие”.

Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – Болашақ бағдарламасы. Шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияны үйрету.

1. Бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шетелдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. “Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға.


7^ .Болон декларациясының негізгі қағидалары. Қазақстанда болон декларациясының жүзеге асуы. Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар бойынша баяндаңы.

Болон декларациясының негізгі қағидалары

Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан жүйесі бар. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде барлық салаларда интеграциялық үдеріс кеңінен дамып келе жатқанын білеміз. Сондықтан халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.

Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам.

Европа мемлекеттері қолдап, бүгінде Ресей де қосылып ықлас білдіріп отырған Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар?
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

1. Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Техникалық Университетінде IX жастардың Халықаралық Мұнайгаз Форумы шеңберінде мына шаралар өтеді
1. Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен кафедраның аға оқытушысы Г. А. Боранкулованың құрастыруымен жасалды
1. Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл iconСценарий конкурса талантов “Жана Есiмдер 2012”
Абылайхан: Кайырлы кун, курметти достар, студенттер жане биздин бугинги конактар! Жыл сайын отетин Жана Есимдер 2012 атты байкауга...
Вы можете разместить ссылку на наш сайт:
Школьные материалы


При копировании материала укажите ссылку © 2015
контакты
userdocs.ru
Главная страница